Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" заңына сәйкес, ол өзіне қатысты жауаптылық туралы шешім қабылданғанға дейін уақытша атқаратын лауазымынан шеттетілді. Өскемен қаласы прокуратурасының өзге қызметкерлеріне қатысты мәліметтер бойынша бұған дейін де қызметтік тексерістер жүргізілген", – делінген ресми мәлімдемеде.
Аталған мән-жайлардың бір бөлігі расталып, көрсетілген қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу