Өскемен түбінде құлаған ұшақта 2 медицина қызметкері болған (видео)

2049

5 жолаушы да аман.

Өскемен түбінде құлаған ұшақта 2 медицина қызметкері болған (видео)

Өскеменнің іргесіндегі Прапорщиков ауылында құлаған АН-2 ұшағы санавиация қызметінің тапсырмасын орындау үшін көкке көтерілген. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай қызметінің баспасөз қызметі Inbusiness.kz тілшісіне айтты. 

"26 ақпан күні сағат 12.30-да  бізге  Прапорщиков ауылының аумағында,  ұшу жолағынан 1,5 шақырым жерде ұшақ құлағаны туралы хабар келіп түсті. Біздің қызмкткерлер оқиға орнына шығып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша АН-2 ұшағы қону кезінде құлаған. Құлау салдарынан ұшақтың қозғалтқыш орналасқан бөлігінен от тұтанған. Әуе көлігі санавиация қызметінің тапсырмасын орындау  үшін көкке көтерілгені белгілі. Ішінде 5 адам болған. 2 экипаж мүшесі, 1 борт-механик және 2 медицина қызметкері болған. Бәрі аман. Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр", – деді қалалық төтенше жағдай басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Наталья Большакова.

Артынша Азаматтық авиация комитеті де аталмыш апат туралы ресми мәлімет таратты.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Орлан 2000" әуе компаниясының Ан 2 әуе кемесі Өскемен-Ақсуат санитарлық тапсырмасы бойынша ұшуды жүзеге асырғанын хабарлайды. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы төтенше жағдай туралы хабарлады. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым ауданда мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдады, бортта 5 адам, 3 экипаж мүшесі және 2 қызмет жолаушысы болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады", – делінген ресми хабарламада.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу