Өскемен тұрғындарына жылу үшін төлем қайта есептелді

403

Ақпаратқа сәйкес, қайта есептеудің жалпы сомасы пәтердің ауданына байланысты болады. 

Өскемен тұрғындарына жылу үшін төлем қайта есептелді Фото: Облыстық газет

Өскеменде жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ барлық тұтынушыға жылу үшін төлем қайта есептелді. Бұл туралы "Өскемен жылу жүйелері" АҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Компания  желтоқсан айында сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, 2022 жылғы жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет құнын қайта есептеді.

"Қайта есептеу жергілікті атқарушы орган бекіткен жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну нормалары бойынша есептелетін есептеу аспаптары жоқ барлық тұтынушылар үшін жүргізілді", - делінген компания таратқан ақпаратта.

Қала тұрғындарына жылу үшін қайта есептеу сомасы:

  •  егер тұтынушы тозығы жеткен немесе ортақ жылуды есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ үйде тұрса – пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метрі үшін орта есеппен 31,04 теңге;
  • егер тұтынушы ортақ жылуды есептеу құралдары жоқ үйде тұрса –  орта есеппен 1 шаршы метрге 38,05 теңге.

Жылумен қамтамасыз ету компаниясы қайта есептеу сомасы 2022 жылғы желтоқсандағы есеп айырысу парақтарында "Қайта есептеу" бағанында көрсетілгенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу