Өскемен тұрғындарынан үлескер ретінде заңсыз ақша алған компания үй құрылысын аяқтамады

570

Өскемен қаласы тұрғындарынан үлескер ретінде ақшаны заңсыз алған компания үй құрылысын аяқтамады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өскемен тұрғындарынан үлескер ретінде заңсыз ақша алған компания үй құрылысын аяқтамады Фото: inbusiness.kz

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, "Дейнека" құрылыс компаниясы ешқандай рұқсат құжаттарын рәсімдемей, тұрғындардан үлескер ретінде ақшаны заңсыз алған. Өскемендіктерге келтірілген материалдық шығынның нақты мөлшері әлі анықталмады.

Оларға пәтер кілті былтыр берілуі керек болатын. Бірақ Есенберлин даңғылындағы екі үйдің біреуі де салынып бітпеді.

"Компания басшылығы қаржы жеткілікті болғандықтан құрылыс жұмыстары жалғасатындығын алға тартуда. Бірақ үлескерлер бұл сөзге сенбей, сотқа жүгінбек. Бұл мәселеде біз де шеткері қала алмаймыз. Басты міндетіміз – қала тұрғындарына заң шеңберінде қолдау көрсету", - дейді қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақов.

Қазір үлескерлер "Дейнека" компаниясына қарсы топтық талап-арыз дайындап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу