23 шілде күні аталмыш факті бойынша қаладағы Үлбі полиция бөлімшесіне 52 жастағы тұрғын арзыданған, деп хабарлайды altaynews.kz.
"2018 жылдың сәуір айының соңында бейтаныс әйел оған пәтер алуға көмектесемін деп, 5 200 000 теңгесін алдап алып кеткен. Күдікті ретінде бұрын бірнеше рет сотты болған 1971 жылғы азаматша ұсталды", – деп мәлімдеді Өскемен полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу