Полицейлер Өскемен қаласының тұрғынын тексеру барысында экстремистік деп танылған, сәйкесінше Қазақстанда тыйым салынған діни әдебиеттерді тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өскемен қаласының мамандандырылған сотының шешімімен оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды. ШҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.
Экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында танысуға болатынын еске саламыз.