2021 жылдың 11 маусымы сағат 00: 00-ден бастап "Алматы-2 - Өскемен-1" бағытындағы № 351/352 жолаушылар пойызына Өскемен - Жаңа-Өскемен станцияларынан жолаушыларды отырғызуға және шығаруға, сондай-ақ аталған бекеттерге дейін теміржол билеттерін сатуға рұқсат етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚТЖ" ҰК "АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі туралы жедел ақпарат алу үшін жолаушыларға "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ сайтына және тасымалдаушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылуға кеңес береміз. Сондай-ақ, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша алуға болады. Жолаушылардан коронавирустық инфекциямен байланысты қауіп-қатерді ұмытпауды, денсаулығын күтуді және теміржол билеттерін Bilet.railways.kz сайтында онлайн рәсімдеуді сұраймыз. Сонымен қатар "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз. Вокзалдар аумағында және пойыз ішінде маска режимін сақтаңыз", – деп жазылған хабарламада.