Өскемен және Семей аялдамаларында полиция қызметкерлері тұрады

722

Өскемен және Семей автобус аялдамаларында полиция қызметкерлері жұмыс істей бастады. Бір апта ішінде олар азаматтардан сыпайы түрде бетперде киюді сұрайтын болады. ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды.

Өскемен және Семей аялдамаларында полиция қызметкерлері тұрады Фото: inbusiness.kz

"KAZ Minerals Ақтоғай" ЖШС-ға өзге өңірлерден уақытша жұмысшы қабылдамау туралы хат жолданған, деп хабарайды inbusiness.kz.

"Күн сайын әкімдермен, бас дәрігерлермен, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және полиция басшыларымен бірлесіп өткізілетін жиын барысында, сондай-ақ бас санитарлық дәрігердің қаулысы аясында қойылатын тиісті талаптардың сақталуына мониторингті күшейту тапсырылды. Өкінішке қарай, соңғы екі аптада Аягөз ауданында инфекция жұқтыру жағдайының өсімі байқалады. Талдау көрсеткендей, 14 күн ішінде тіркелген 43 жағдайдың 39-ы сырттан әкелінген. Яғни, "KAZ Minerals Ақтоғай" ЖШС-ға жұмысқа келген басқа өңір тұрғындарынан анықталған. Осыған байланысты, кәсіпорын басшылығына жағдай тұрақталғанға дейін бірқатар облыстардан адамдарды әкелуді тоқтату қажеттілігі туралы хат жолданады",– деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу