Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде биыл алғаш рет "100 күнде 10 000 шұңқыр" акциясы іске қосылған. "Кептеліссіз қала" бағдарламасы аясындағы акцияда тұрғындар жолдардағы шұңқырларды фотоға түсіріп, әкімдіктің арнайы телеграмм арнасына жібереді, ал мердігерлер сол жолдарды қалыпқа келтіреді.
"Тұрғындар наурыз айының аяғынан бастап қолға алынған акцияға белсенді қатысып жатыр. Осы уақытқа дейін 600 шұңқыр жамалды. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін бірнеше мердігер бар. Азаматтарды тағы да белсенділік танытуға шақырамыз", - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Айта кету керек, бұл акция шұңқырларға ғана қатысты болғандықтан, аула аралық жолдарды жөндеуге өтініштер қабылданбайды.