Өскемен-Зырян жолында жасанды қар көшкіні жүргізілді

1169

Өскемен-Зырян жолында жасанды қар көшкіні жүргізілді

"Қазселденқорғау" ММ мамандары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Өскемен -Зырян" автожолында 4 рет қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді. "Нәтижесінде 56 200 текше метр қар массасы түсті", деп хабарлайды "Қазселденқорғау" мекемесіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Қар автожолды толығымен жауып қалды. Оны тазартуға "Қазақавтожолдың" 3 қар тазалағыш техникасы жұмылдырылды. Профилактикалық жарылыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы автожол жабық.

Жалпы жұмысқа 27 адам және 9 техника тартылды. Атап айтқанда  "Қазселденқорғау" ММ, "ШААЖҚТ" ММ, "Востоквзрывпром" ЖШС, ІІД әкімшілік полиция басқармасы, Апаттық медицина, ШҚО ТЖД,  "Қазақавтожол" қызметкерлері атсалысты.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу