Өскеменде 11 учаскені су басу қаупі бар

494

Өскемен қаласында 11 учаскені су басу қаупі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Өскеменде 11 учаскені су басу қаупі бар Фото: gov.kz

Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Өскемен бойынша 11 учаскеде су басу қаупі бар екендігі анықталды.

"Оның ішінде Согра кентіндегі Скалистая, Дружинников көшелерінде, "Восточник-5", "Восточник-6" бау-бақша серіктестіктерінде су басу қаупі жоғары болып отыр. Соған орай Сограда су тасқынына қарсы профилактикалық шаралар жүргізілуде. Кенттегі Маховка өзенінің бойында үйлер бар. Соңғы рет 2018 жылы бұл үйлерді су басқан болатын", - дейді басқарма бастығының орынбасары Дастан Ахметов.

Оның айтуынша, биыл Маховка өзенінің суы арнасынан аспауы үшін жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Сондықтан үйлерді су басу қаупі барынша азайтылған.

"Бір айта кетерлігі, кейбір адамдар өзенге қоқыс тастап, су басу қаупін өздері тудырады. Тіпті Маховка өзенін тазарту барысында диван да табылған. Сондықтан тұрғындардан барынша тазалық сақтап, табиғатқа залал келтірмеуді сұраймыз", - дейді Дастан Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу