Өскеменде 18 балабақша ғимараты мемлекет меншігіне өтеді

488

Өскемен қаласындағы балабақша болған 18 ғимарат қайтадан мемлекет меншігіне өтетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.  

Өскеменде 18 балабақша ғимараты мемлекет меншігіне өтеді Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазір облыс орталығында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде 1300-ден астам орын жетіспейді. Осы олқылықтың орнын толтыру жұмыстары енді мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асады. Әлеуметтік кәсіпкер Меруерт Тоқтарова коммерциялық балабақша ғимаратын қалпына келтіру үшін 200 миллион теңге жұмсаған. Оның қарамағында осындай 11 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Бұл шаршы метрлердің барлығы болашақта оған сенімгерлік басқаруға беріледі. Ал оны жалға алу құны тапқан табысының 1%-тен аспайды.

"Алғашқы балабақшамызды 2014 жылы аштық. Ғимараттарды сатып алып, күрделі жөндеуден өткіздік. Жаңадан салғандарымыз да бар. Қайтадан ашылып жатқан балабақша Аблакетка ауданындағы орын тапшылығын толығымен жоюға көмектеседі", - дейді әлеуметтік кәсіпкер Меруерт Тоқтарова.

"Типтік балабақша болып салынған ғимараттарды қайта мемлекетке қайтарып, қайтадан балабақша қылып ашып жатырмыз. Бұл жерде 140 орындық балабақша болады. Бұл жұмысты біз ары қарай жалғастырамыз. Тағы бір 5 ғимараттай бар. Оны да біз келесі жылы қайтарып, тура осындай жолмен балабақша ашуға тырысамыз", - деп мәлімдеді Өскемен қалалық қаржы бөлімінің басшысы Абзал Мәулетханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу