Өскемен әкімі Даниал Ахметов өңірдегі 22 мектептің директорына су жаңа автобустардың кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды egemen.kz.
DAEWOO BSD 106 маркалы автобустар Семей қаласындағы "СемАЗ" көлік зауытында құрастырылған. Жолаушылар көлігі қауіпсіз тасымалдың барлық талаптарына жауап береді. Қазіргі таңда облыста мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 193 автобус бар екен. Аймақта "Мектеп автобусы" бағдарламасымен автопарктердің жаңартылып жатқанын да ерекше атап өтуге болады. Салтанатты рәсімде сөз алған өңір басшысы қазіргі күні шығыстағы барлық мектептер автобуспен толық қамтамасыз етілгенін, көліктер өзіміздің облыста құрастырылып жатқанын тілге тиек етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу