Өскеменде 23 көшенің атауы өзгертіледі

1057

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Өскеменде 714 көше бар. Оның 566-сы орыс тілінде, 148-і  көше қазақ тілінде.  

Өскеменде 23 көшенің атауы өзгертіледі Фото: inbusiness.kz

Осыған орай облыс орталығында идеологиялық жағынан ескірген көше атауларын ауыстыру және атаусыз көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жеке тұлғалардың есімімен аталатын көшелер саны – 239. Оның ішінде: орыс ұлтынан – 142, қазақ ұлтынан – 64, басқа ұлттардан – 33.

Аманат, Өркен секілді бейтарап атауы бар көшелер саны – 315.

Колхозная, Пионерская сынды идеологиялық тұрғыда ескірген көшелер саны – 81.

Мағыналық мәні жоқ көшелер – 79.

Мемлекеттің дамуына үлес қосқан айтулы тұлғалардың есімін беру үшін қоғамдық тыңдау өтіп, депутаттардың қолдауымен 23 көше атауы ауыстырылатын болды.

Атап айтқанда:

  • Калинин көшесі – Әбілхан Қастеев;
  • Кутузов көшесі – Латиф Хамиди;
  • Куйбышев көшесі – Тимофей Седельников;
  • Ш.Утепов – Оралхан Бөкей;
  • Микоян көшесі – Александр Сызғанов;
  • Энтузиастов көшесі – Бошай Кітапбаев;
  • Стахановская көшесі – Жақсылық Үшкемпіров;
  • Краснознаменная көшесі – Ирина Ерофеева;
  • Красин көшесі – Борис Александров;
  • Фрунзе көшесі – Эмануил Романенко;
  • К.Либкнехт көшесі – Борис Керімбаев;
  • Бөкеев көшесі – Тұтқабай Әшімбаев;
  • Степан Разин көшесі – Кирилл Ермолаев;
  • М.Горький (Меновное) – Талаптан Ахметжанов;
  • Базовая көшесі – Жібек жолы;
  • Колхозная көшесі – Асқартау;
  • Роза Люксембург – Арна;
  • Совхозная көшесі – Өркен;
  • Совхозный тұйық көшесі – Талас;
  • Чапаев көшесі – Берел:
  • Краснодонская көшесі – Арай;
  • Краснофлотская көшесі – Мұзтау.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу