Өскемен қаласының 25 білім беру нысанында 58 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews.
Атап айтқанда, № 62 балабақша ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 57 білім беру нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, белсенді жүргізілуде, оның ішінде 17 мектепте,7 балабақшада және 1 қосымша мекеме бар.
Аталған жобалар бойынша 605 жұмыс орыны құрылып отыр, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 316 адам (50%) жұмыспен қамтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу