Өскеменде 3 күнде 36 мас жүргізуші ұсталды

904

Тәртіп сақшылары Конституция күні қарсаңында "Құқыққорғау" атты жедел-алдын алу шарасын жүргізген еді.

Өскеменде 3 күнде 36 мас жүргізуші ұсталды

Өскемен полицейлері 3 күнде 36 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Тәртіп сақшылары Конституция күні қарсаңында "Құқыққорғау" атты жедел-алдын алу шарасын жүргізген еді. Бар-жоғы үш күннің ішінде 160 қылмыс анықталып, 94 қылмыстың беті ашылды. 284 кішігірім бұзақылық пен қоғамдық орындарда ішімдік ішу бойынша 593 факт тіркелді.

ШҚО ІІД-ның мәліметі бойынша, мас күйі көлік жүргізгендердің саны – 36. Қауіпсіздік белбеуін тақпағандар 312, жылдамдықты асырғандар 417, жолдың қарсы бағытымен жүргендер 22.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу