Алдын ала мәліметке сәйкес, бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған сәтте терезеден құлаған. Дәрігерлер оның түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскенін растады.
– Бүлдіршін бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы орташа ауыр, қажетті ем қабылдап жатыр, – деді Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Ал облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері өңірде 7 бала терезеден құлап кеткен. Құзырлы органдар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу