Өскеменде 50 мыңға жуық бөтелке алкоголь өнімі заңсыз сақталған

840

Кезекті тексеру барысында Өскемен қаласының көтерме қоймаларының бірінде 49000 бөтелкеден астам мөлшерде өндірушілері мен атаулары әр түрлі алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өскеменде 50 мыңға жуық бөтелке алкоголь өнімі заңсыз сақталған

Естеріңізге сала кетейік, "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін одан әрі көтерме және бөлшек саудада өткізу мақсатында сақтау лицензия негізінде жүзеге асырылуға тиіс. 

“Алынған алкоголь сынамалары сараптамаға жіберілді. Тексеру материалдары ШҚО Экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін тапсырылды”, – деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қысқа уақыт ішінде бұл Өскемен қаласында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының екінші жағдайы. Сәуір айында тексеру барысында тек сақтау фактісі ғана емес, сонымен қатар алкоголь өнімдерін заңсыз түрде дайындау фактісі анықталған.

Алкоголь өнімдері нарығы субъектілерін тексеру іс-шаралары жалғасуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу