Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 54 көпбалалы отбасына баспана берілді, деп хабарлайды Altaynews.
"Күні кеше халықаралық балаларды қорғау мерекесінде қаламыздың кішкентай тұрғындары мен ата-аналарын жаңа қоныстарымен құттықтадым. Мен әрдайым әрбір көпбалалы ана – еліміздің тірегі, мақтанышы екенін ерекше атап өтемін. Сіздерге көпке өнеге болып, мемлекетіміздің дамуына қосып келе жатқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін", – деп жазды аймақ басшысы.
Үш және екі бөлмелі пәтерлер көпбалалы отбасылар үшін салынған жаңа тоғыз қабатты үйден берілген екен.
Облыс әкімі биыл жалпы 190-нан астам көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетінін айтып отыр.