Өскеменде "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 70 бөлмелі жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24.kz.
Бір ерекшелігі бұл пəтерлер меншікке кірмейді. Яғни қызметтік баспана тек 5 жылға дейін жалға беріледі. Жатақхананың жалпы аумағы 4,5 мың шаршы метр.
Баспаналы болған 31 отбасы бағдарламаның қолданушылары болса, қалғаны жас отбасы. Олардың арасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар да бар.
"Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасы бойынша пәтер кілтіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Мемлекетке көмек көрсетіп жатқанына алғыс білдіремін. Менің жұмыс істеп жүргеніме 8 ай болды. Осы 8 ай уақыт ішінде кезекке тұрып, осы бағдарлама бойынша кілт алдым", – дейді қоныс иесі Ерсін Ақпанов.