Тынышпаев көшесіндегі 1950 жылы салынған жатақхананың төбе жабындысы құлағаны тұрған.
"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2 тұрғынды эвакуациялады. 10 азамат сол жерден өз бетімен шығып үлгерген. Кинологиялық қызмет өкілдері Алеся лақапатты иттің көмегімен жатақханада зардап шеккендердің бар-жоғын мұқият тексерді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Белгілі болғандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы шамамен 8 шаршы метрді құраған. Алдын ала мәлімет бойынша, үйде 50 адам тұрады.
Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршап тастады. Сол жерде комиссия мүшелері жұмыс істеуде.