Өскеменде 8,5 миллион теңгенің заңсыз вейптері тәркіленді

364

2000-ға жуық құрылғы тәркіленді.

Өскеменде 8,5 миллион теңгенің заңсыз вейптері тәркіленді Фото: HardSmoke

Өскеменде өткізілген ЖІШ барысында құрамында никотин бар электрондық темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижеcі бойынша 8,5 млн теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленді.

Осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген, санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза көздейді.

Материалдар сотқа жіберілді.

Темекі өнімдері мен бір реттік электрондық темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу