Өскеменде 80-нен асқан қарттар трамвайда қайта тегін жүре алады

175

Таяуда бұл жеңілдік алынып тасталған болатын.

Өскеменде 80-нен асқан қарттар трамвайда қайта тегін жүре алады Фото: baq.kz

Өскемен 80 жастан асқан қарттарға трамвайларда қайтадан тегін жүре алатын болды. Таяуда трамвайларда зейнеткерлердің бәрінен 50 теңге көлемінде жолақысы талап етіле бастаған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.      

Бұның себебін әкімдік "Трамвайлар жұмысына жүргізілген тексерулер барысында кәсіпорынның нормативтік-құқықтық актілерде көзделмеген жол жүру жеңілдіктерін біржақты тәртіпте белгілегені анықталды. Заң бойынша кәсіпорынның мұндай құқығы жоқ" деп түсіндірген болатын.

Десе де, көп ұзамай жергілікті билік қарттарға жасалған жеңілдіктің қайтарылғанын мәлім етті.

– Өскеменде 80-нен асқан қарттар трамвайда тегін жүре береді. Осы жас санатындағы жолаушылар көлік картасын валидаторға тигізбей-ақ жүре алады. Аталған мәселе қала әкімінің жеке бақылауында, – дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Замира Мурсалимова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу