Ғимараттың нобайы дайын. Енді жер учаскесі қарастырылып жатыр, деп хабарайды altaynews.kz.
Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Арман Тұрысбековтың айтысынша, агро кешен кәсіпкер мен тұтынушылар арасында делдалсыз жұмыс істейді. Тұтынушы сапалы әрі арзан өнімге қол жеткізсе, кәсіпкер қосымша табыс табады.
Мұндай кешен ашуды облыс әкімі Даниал Ахметов Қазан қаласына барған сапарынан кейін тапсырған болатын.
Өскемендегі кешен әлбетте Қазандағыдан кішірек болады, десе де ондағы жұмыс жүйесі сақталады. Парктің жалпы аумағы 1,6 гектра болады. Ал ғимарат аумағы – 14 256 шаршы метр, жәрмеңке алаңқайы – 2 376 квадрат метрге тең. Өнімді қатыратын, бөлшектейтін, жуатын, вакуумдық қаптамаға орайтын бөлімдер мен қатар наубайхана мен дәмхана ашылады. Аулада 300 көлікке арналған тұрақ та салынады.
Кешен құрылысы еуропалық стандартқа сай жүреді. Бейнекамера, ауа тазартыш және желдеткіштер…
"Болашақта агропарктің базасында алып көлік-логистикалық орталық ашуға болады", – деді Арман Тұрысбеков.