Өскеменде әйел адам ашық тұрған құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқыс жағдай Қабанбай батыр мен Новаторлар көшесінің қиылысында болған.
"1972 жылы туған әйел серуендеп жүрген кезде байқамай құдыққа құлап кеткен. Жанындағы ер адам ТЖ қызметін шақырған", делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері құтқару жабдығымен әйелді шамамен 5 м болатын кәріз құдығынан шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу