Өскеменде әлеуметтік көмір таусылып қалды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Тізімдегілердің барлығына көмір биыл неге жетпей қалды? Ауған соғысы ардегерлер ұйымы төрағасының орынбасары Олег Фролов мұны өңірде жеке сектор тұрғындарының көбейгендігімен түсіндірсе, "ВЭУС" ЖШС басшысы Иван Тимофеев болса, тізімде әлеуметтік көмір алу санатына жатпайтындар да бар дейді.
"Зейнеткердің де зейнеткері болады. Тізімді жасағанда бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған, жалғызілікті қарттарға көңіл бөлу керек. Бір мекенжайда екі зейнеткер болса, екеуі де әлеуметтік бағамен көмір сатып алудан үміткер. Демек мұнда жағдайларды болдырмау керек еді",-дейді ол.
Олег Фроловтың айтуынша, "Қаражыра" кәсіпорына қосымша 5 мың тонна көмір бөлу жөнінде өтініш жолданды. Әзірге жауап жоқ.