Өскеменде аптап ыстықтан бірнеше бала зардап шекті

518

Ал ересектер арасынан дәрігер көмегіне ешкім жүгінбеді.

Өскеменде аптап ыстықтан бірнеше бала зардап шекті Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстанда соңғы бір аптада күн райы күрт жылып, тұрғындардың мазасын кетіре бастады. Қапырық ыстықтың салдарынан Өскемен қаласында күніне 1-2 бала жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегіне жүгінуде.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы аптаның басынан бері Өскеменде бірнеше бала ыстықтан зардап шеккен. Ал ересектер арасынан дәрігер көмегіне ешкім жүгінбеді.

- Қазір қала бойынша күн сайын ыстық өткен 1-2 баланың ата-анасы жедел жәрдем шақыруда. Ал аудандардағы жағдай тұрақты. Ыстық ауа райында бас киімсіз көшеге шықпаңыз. Мүмкіндігінше, сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін күн астында жүру уақытын шектеңіз. Көшеге шығарда ашық түсті киімдерді таңдаңыз. Жиі су ішіп жүріңіз, - дейді облыстықжедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәр Кекіманова. Айта кетейік, өңірде сынап бағанасы 41 градусқа дейін көтерілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу