Өскеменде аспаннан күл жауды

696

Экология департаментінің қызметкерлері күлді зерханаға алып кетті

Өскеменде аспаннан күл жауды

Өскемендегі Питер коммунарлары көшесін күл басып қалды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Оның қайдан, қалай келгенін түсіне алмаған тұрғындар абыржулы. Адам денсаулығына қандай да бір зияны бар ма деген үрей басым көпшілікте. Аспаннан жауған ақ қылауды әуелде қар деп ойлапты олар.

Тұрғындардың шағымы бойынша экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары күл басқан көшені келіп көрді.

"Экология департаментінің қызметкерлері күлді зерханаға алып кетті. Сондай-ақ тұрғындардың шағымына сәйкес жақын маңдағы "Май" АҚ кәсіпорнына тексеру жүргізіледі", – деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу