Өскеменде ауа сапасына көшпелі мониторинг жүргізілді

185

Қала аумағында соңғы 5 күн қатарынан сақталған қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелген.

Өскеменде ауа сапасына көшпелі мониторинг жүргізілді Фото: orda.kz

Осыған байланысты экология департаментінің мамандары "Қазгидромет" РМК және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп атмосфералық ауаның сапасына көшпелі мониторинг жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департамент тарапынан бақылау күн сайын жылжымалы зертхана көмегімен жүзеге асырылды. Өлшеулер санитарлық-қорғау аймақтарында және жеке тұрғын үй секторында негізгі ластаушы заттар бойынша жүргізілді: азот тобы, көміртек оксиді, күкірт тобы және хлоридтер.

Сонымен қатар, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік жүктемені 20-40% төмендетуде. Атмосфералық ауаның жалпы жағдайына автокөлік құралдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар және пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй секторы әсер етеді.

Сондай-ақ, екі гидроэлектр станциясының болуы Ертіс пен Үлбі өзендерінің қыс мезгілінде қатпай, қалың тұманның пайда болуына әкеледі. Қыс мезгілінде жеке секторда қатты отынның (көмір мен ағаш) жағылуы күйе мен күлден тұратын ұсақ дисперсті бөлшектердің түзілуіне алып келіп, олардың ауада ұзақ уақыт қалқып тұруы салдарынан ауаның ластану деңгейіне елеулі әсер етіп отыр.

Ауа сапасы орташа деңгейде бағаланады және өңір тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмейді. Атмосфералық ауаның сапасын бақылау тұрақты жалғасады.

ІІ дәрежелі қолайсыз метеожағдайдың сақталуына байланысты 2 ақпанда Өскемен қаласының барлық мектептерінде 0-11 сыныптар бірінші, екінші ауысымда қашықтан оқытуға көшірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу