Өскемен қаласында экологиялық мәселелерді шешу мақсатында ауа сүзу мұнараларын орнату жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бюроның құрылуына байланысты жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Онда бюро құрамына кіретін тұлғалар мен ұйымдардың құрылымы анықталып, жобаның нәтижелерін бақылау үшін жобалық кеңсе форматында жұмыс істеу туралы шешім қабылданды.
Бюроның басты мақсаты — қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстарды үйлестіру. Қазіргі таңда 2025 жылға арналған жоспар әзірленді, оған 100-ге жуық іс-шара енгізілген. Сонымен қатар:
- Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда әрекет ету алгоритмдері дайындалуда;
- Тұрғындарды ауаның ластану деңгейі туралы хабардар ету жүйесі іске қосылмақ;
- Жобаның жетекшісі Елена Березинская-Абилованың айтуынша экологияны жақсарту бойынша нақты шаралар ұсынылуда;
- Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу арқылы экологиялық бастамаларды іске асыру қолға алынған.
Бастамалар:
- Ауа сапасын бақылау. Заманауи датчиктерді пайдалана отырып, көліктердің зиянды шығарындыларын бақылау.
- Жабдықтарды жаңарту. Экология департаментіне қажетті жабдықтардың тізімін әзірлеу және оны толықтыру үшін компаниялармен ынтымақтастық орнату;
- Көгалдандыру. Қаланың жасыл алаңдарын кеңейту;
- Smog Free Tower орнату.
8 метрлік ауа сүзу мұнарасы бір уақытта 30 мың текше метр ауаны сүзіп, экологиялық жағдайды жақсартады. Бұл жүйе небәрі 1,4 кВт энергияны тұтынады.
Жеке тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу арқылы ауаның ластануын азайту.
Бюроның жоспарлары 2025 жылдың 10 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының әкіміне таныстырылатын болады.