Өскеменде автобус қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды

343

Оқиға бүгін, 28 қараша таңертең болған.

Өскеменде автобус қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды Фото: Instagram/eastkazpolice

Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Абай даңғылындағы аялдамада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

"Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп жазды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу