Клиентінің көлігін сатқан автомеханик ұсталды

820

Клиентінің көлігін сатқан автомеханик ұсталды

Ішімдікке тәуелділік банкроттыққа жеткізген автомеханик досының көлігін жөндеп беруге уәде беріп, артынша сатып жіберген. Болған істің мән-жайы Өскемен қаласы №2 сотының материалдарында баяндалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен қаласының 36 жастағы тұрғыны жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жалға алған техникалық қызмет көрсету станциясында автокөліктерді жөндеумен айналысқан. Алайда ішімдікке құмарлық кәсібін құртып тынды. Автослесарь біртіндеп барлық құрылғыларын сатып, ақшасын араққа жұмсады.

Жөндетуге қалдырып кеткен танысының шетелдік көлігін қаскүнем хабарлама арқылы тапқан автокөліктің қосалқы бөлшектерін алатын кәсіпкерге 200 мың теңгеге сатып жіберді.  

Жөндеу мерзімі аяқталған кезде келіп, көлігін таппай қалған иесі полицияға жүгінген. Сот оны ірі көлемдегі алаяқтық бойынша айыптап, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Бұған қоса, мәжбүрлі түрде алкогольден емдеу тағайындалды.

Үкім әзірге заңдық күшіне енген жоқ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу