Өскеменде аялдамада тұрған зейнеткер кенеттен қайтыс болды

119

Алдын ала мәлімет бойынша, 66 жастағы тұрғынның өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.  

Өскеменде аялдамада тұрған зейнеткер кенеттен қайтыс болды Фото: egemen.kz

Өскеменде 22 маусым күні таңертең Абай мен Шәкәрім даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көлік аялдамасынан егде жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:45-те "102" арнасына №16 жедел медициналық жәрдем бригадасынан хабарлама түскен. Онда автобус аялдамасынан тіршілік белгілері жоқ ер адамның табылғаны айтылған.

"Қайтыс болған адамның 66 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған", – деп мәлімдеді полиция.

Ведомство мәліметінше, ер адамның өлімі жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу