Өскеменде балабақша есепшісі 16 млн теңге жымқырған

255

Кінәліге қатысты сот үкімі шықты. 

Өскеменде балабақша есепшісі 16 млн теңге жымқырған Фото: inbusiness.kz

Өскемен қаласында 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік "Жемчужинка" балабақшасында есепші болып жұмыс істеген айыпталушы бірнеше жыл бойы ақша жымқырып келген. 

"2020 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қазан айлары аралығында әйел адам қызмет бабын пайдаланып, жұмыс берушінің 15 988 396 теңгесін қалтаға басқан. Сот барысында ол өз кінәсін мойындамай, келтірілген материалдық залалды өтеуден бас тартты. Сот шешімімен сотталушы кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген ақпаратта. 

Әйел адамның кәмелеттік жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу