Өскеменде балаға күш көрсеткен тәрбиеші жұмыстан шығарылды

1039

Баланың денесі үнемі көгеріп келген. 

Өскеменде балаға күш көрсеткен тәрбиеші жұмыстан шығарылды Фото: Өскеменнің әлеуметтік парақшасы

Оқиға Өскемендегі жеке меншік балабақшалардың бірінде болған. Су сұраған баланы тәрбиешісі құлағынан бұрап күш көрсеткен.

Тәрбиешінің ерсі қылығы бейне жазбаға түсіп қалған. Жәбірленген баланың әпкесі видеоны әлеуметтік желіге жүктеген.

Белгілі болғандай, бала тәрбиешіден су сұраған. Алайда тәрбиеші оның құлағынан бұрап, жылатқан.

- Бала су сұраған, бірақ тәрбиеші оның құлағынан бұрап, дене жарақатын салған. Ол камераның қай жерде орналасқанын жақсы біледі және бәрін жасырын түрде жасауға тырысқаны көрініп тұр. Бұл бірінші рет емес, денесі үнемі көгеріп келеді. Басында құлаған шығар деп ойлап жүрдік. Кейін бейнежазбаларды қарап, сараптама жасаттық, - дейді видеомен бөліскен баланың әпкесі.

Аталмыш оқиғаны Өскемен қаласының білім бөлімі де растап отыр.

- Бұл жағдай жеке балабақшада болған. Қазір тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ал оның іс-әрекетімен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы бүкіл мектепке дейінгі мекемеде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - дейді қалалық білім бөлімі.

Айта кетейік, 2021жылдың наурыз айында шаһардағы тағы бір балабақшада тәрбиеші баланы еденге лақтырып, жұрттың наразылығына ұшыраған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу