Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

1160

Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аталған шараға қаладағы ірілі-ұсақты 50-ден астам кәсіпорын мен мекеме қатысып, 400-ге жуық жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.

Жұмыс іздеп келгендердің қарасы да қалың. Олар жұмыс берушілермен тікелей  сұхбаттасып, нәтижесінде 200-ден астамы шақырту алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кәсіпорындар тарапынан әсіресе жұмысшы мамандығына сұраныс жоғары. Жұмыспен қамту бөліміне жыл басынан бері 2 мың адам хабарласқан. Мамандардың пікірінше олардың  басым бөлігі жастар. Алайда  бұл азаматтардың көпшілігі жұмысшы мамандығына қызығушылық танытпайды. Тіпті тегін оқып үйренуге  де ынталы емес.

"Тегін курстар бар, ай сайын жәрдемақы төленеді, газ-электрмен дәнекерелеуші, монтер, аспазшы, күзетші, тағы басқа мамандықтар бойынша 3 айлық курстар бар", - дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Сұңғат Омаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу