Өскеменде бүгіннен бастап трамвай жүрмейді

113

Бұл туралы "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС-дан мәлім етті.

Өскеменде бүгіннен бастап трамвай жүрмейді Фото: Yk-news.kz

Өскемен қаласында трамвай қозғалысы бірнеше күнге тоқтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала бойынша трамвайлар 15-21 тамыз күндері аралығында мүлде жүрмейді.

"Трамвай қозғалысының тоқтатылуы трамвай паркінің кіреберісі мен шығаберісіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстарына байланысты болып отыр. Халықтан бұл уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бүгінде Өскеменде 23 трамвай бар. Рельсті көліктің 90 пайызы тозған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу