Өскеменде демалыс күндері 2 бірдей бүлдіршін терезеден құлап, біреуі оқиға орнында көз жұмды.
2020 жылы туған бала 9 қабатты үйдің терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмды. Ал, екінші бүлдіршін екінші қабаттан құлап, жарақат алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айта кету керек, бұл аймақта жыл басынан бері қайталанған бесінші жағдай болса, оны екеуінде балалар көз жұмған.
Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар ата-аналарға балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу