Өскеменде дәрігерлер ота кезінде науқастың ішінде жіп ұмытып кеткен

333

Қала тұрғыны дәрігерлердің салғырттығына шағымданды. 

Өскеменде дәрігерлер ота кезінде науқастың ішінде жіп ұмытып кеткен Фото: inbusiness.kz

Әйелдің айтуынша, отадан соң үш аптадан кейін ғана оның ауруының себебі дәрігерлер ұмытып кеткен іштегі жіп екені анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Науқас үш апта бойы ауырсынып жүрген, тіпті дене қызуы да көтеріліпті. Әйелдің сөзінше, жергілікті Ішкі аудит қызмет дәрігерлері жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеген. Әсіресе, амбулаторияда штаттағы хирург болмаған. Бұл жайтқа әйел емделіп жатқан аурухана өкілдері пікір білдірді.

"Емдеу мекемелері мен стационарлардан шығарылған науқастар алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жіберіледі, онда дәрігері-терапевтке жүгінеді, ал терапевт басқа мамандарға жолдама береді. Бұл жағдайда отадан кейінгі асқынумен қатар пайда болатын патологияларға байланысты туындаған. Науқасқа толық көлемде емдеу шаралары ұсынылды", - деді облыстық мамандандырылған медициналық орталық бас дәрігерінің орынбасары Нұржан Мұқажанов.

Қала тұрғынының сөзінше, осыдан кейін ғана оған тағы да ота жасалған.

"Дәрігерлер қайта ота жасады. Олар іш қуысынан операциялық жіп тапты", - деді Галина Климова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу