Өскеменде дзюдодан жарыс кезінде жаппай төбелес болды

111

Аталған факті бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті ресми ақпарат берді.

Өскеменде дзюдодан жарыс кезінде жаппай төбелес болды Фото: видеодан алынған кадр

Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайында спортшылардың жаппай ерегісуіне қатысты полиция тергеу амалдарын қолға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіге видео таратқан куәгерлердің айтуынша, жанжал шыққан соң спортшылар мен жаттықтырушылар арасында жаппай төбелес болған.

– Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталған. Істің мән-жайын жан-жақты және толық анықтау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу