Өскеменде екі мыңға жуық үй жарықсыз қалды

897

Оқиға 2 желтоқсан күні сағат 12:00 шамасында болған. 

Өскеменде екі мыңға жуық үй жарықсыз қалды

Бүгін Өскеменде электр желісінен ақау шығып, екі мыңға жуық үй мен тағы бірнеше көше жарықсыз қалған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, бұған "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" АҚ-ның қосалқы станциясындағы апат себеп болып отыр.

№25 станцияда апат болды. Соның салдарынан 1800-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта сол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты бірнеше сағаттың ішінде қалпына келтіріледі, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шыққаны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу