Өскеменде электробус сынақтан өткізілуде

956

Өскеменде электробус сынақтан өткізілуде

Өскеменде электробус сынақтан өткізілуде. 30 күндік тест-драйв кезінде оның ыңғайлы және үнемді екендігі белгілі болса, электро автобус қоғамдық көлік ретінде пайдаланылуы мүмкін, деп хабарлайды ustinka.kz.

"Автобус тәулігіне 250 шақырым жүріп, 125 литр жанар май жағады. Ал электробус 189 кВт энергияны жұмсайды", - деді электромобильдерді шығаратын HIger Quazar ЖШС бас директорының орынбасары Роман Миразимов.

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбектің айтуынша, қала әкімі электробустардың Өскеменде пайда болғанын қалайды.

"Дизельді отынның ағымдағы бағасын ескере отырып, электробус дизельді көлікке қарағанда 6-7 есеге  үнемді, - деп түсіндірді қала әкімі Қуат Тұмабаев. - Қазір осы электроавтобустардың біздің жолдарда қалай жұмыс істейтінін тексерудеміз. Біз оны әлі сатып алған жоқпыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу