Өскеменде ер адам аялдамада көз жұмды

187

Аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Өскеменде ер адам аялдамада көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Өскемен қаласында Шәкәрім даңғылындағы трамвай аялдамаларының бірінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері "102" арнасына 16 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де хабарлаған.

Дәрігерлердің айтуынша, 1970 жылы туған ер адам қоғамдық көлік аялдамасында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен көз жұмған.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу