Өскемен қаласында ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Асфальт үстінде қимыл-қозғалыссыз жатқан ер адамды байқаған куәгерлер полицияға шұғыл хабар берді.
Алдын ала деректерге сәйкес, азамат екіқабатты тұрғын үйдің шатырында өлшеу жүргізіп жатқанда абайсызда құлап түскен.
"Қазіргі уақытта бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. 31 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу