/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 432,23 Brent 36,55
Өскеменде ер адамға «жүкті» деген қорытынды неге берілгендігі анықталып жатыр

Өскеменде ер адамға «жүкті» деген қорытынды неге берілгендігі анықталып жатыр

Медициналық мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, олқылыққа компьютерлік бағдарламадағы ақау себеп болған. 

05 Қыркүйек 2018 15:02 1193

Өскеменде ер адамға «жүкті» деген қорытынды неге берілгендігі анықталып жатыр

Фото: ustinka.kz

Дәрігерге қаралған азаматқа «жүкті» деген медициналық қорытынды берілді. Өскеменде осындай таңқаларлық жағдай болды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға қаладағы жекеменшік ауруханалардың бірінде тіркелген. Бұдан бұрын науқас белі ауырып, бүйірі шаншып жүргенін айтып арнайы маман алдына барған екен. Алайда дәрігер жазып берген диагнозды оқығанда не күлерін не жыларын білмепті. Онда оның іші жүктілік мерзіміне сай өскендігі жазылыпты. Медициналық мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, олқылыққа компьютерлік бағдарламадағы ақау себеп болған. Адами фактор да жоққа шығарылмады. Қазір нефролог берген тұжырымдамадан не себепті қате жіберілгені тексеріліп жатыр.

Науқас біз қолданатын шараға келісіп тұр.Яғни біз  дәрігерлер жиналып нефролог берген анықтаманы жан-жақты зерттейміз. Осыдан соң егер ол тек механикалық себептен жіберілген қате болса, жедел кеңесте талқылаймыз.Ал салғырттық үшін әрине ескерту жасалады», - дейді аурухана директорының орынбасары Александр Киреев.

Тегтер:

дәрігер

Семейде польшалық дәрігерлер қатерлі ісікті емдеудің заманауи тәсілдерін көрсетті

29 Қараша 2018 13:24 705

Семейде польшалық дәрігерлер қатерлі ісікті емдеудің заманауи тәсілдерін көрсетті

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында «Өңеш, өкпе және сүт безі  қатерлі ісіктерін емдеудегі жоғары мөлшерлік брахиотерапия» бойынша халықаралық шеберлік сағаты өтті. Осы мақсатта Варшавадан радиациялық онкологтер әрі медициналық физиктер келген еді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Айта кету керек, онкоорталықтың төрт қызметкері (анестезиолог дәрігер, 2 радиолог дәрігер және медициналық физик) Польшадағы Мария Кюри атындағы онкологиялық орталық пен Варшава қаласындағы ІІМ-нің клиникасында оқыту курсынан өткен. Соған сәйкес, радиолог дәрігерлер жоғарымөлшерлік 3D брахиотерапия бойынша білімдерін шыңдады.

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында өңеш, тері және сүт безі қатерлі ісіктерін емдеудегі брахиотерапияны енгізу көзделуде. Бүгінде Қазақстанда гинекологиялық патологиялар мен тік ішек жараларын емдеу бойынша ішкі қуысты брахиотерапия жүзеге асырылып келеді. Ал мұндай шеберлік сағаты – тұңғыш рет Қазақстанда сүт безі, өкпе және өңештің қатерлі жарасын ішкі қуысты брахиотерапиямен сауықтыруға септеспек.

Әдістің ерекшелігі сол, радиациялық әсер қысқа радиустың көмегімен ауру ошағына дәлме-дәл жетеді. Жоғары мөлшердегі сәулелік терапия сау ағза мүшелері және ішкі қуыстарға тимей ем алуға жол ашады. Ақ халаттылар сәулелік емдеуде брахиотерапия әдісін қолдану жағымсыз әсерлерді азайтуға үлесін тигізетінін айтты. Бұл бірінші кезекте сау қуыстарды сақтауға әрі рецидивтерді болдырмайды екен. Осы арқылы өмір сапасын жақсартуға болады дейді дәрігерлер.

Тағы бір айта кетерлігі, облыс әкімінің бастамасымен үшжылдық оқыту бағдарламасына арнайы қаржы бөлінген-ді. Соның негізінде өңір онкологтерінің біліктіліктерін арттыру қарастырылған. Мәселен, үстіміздегі жылы семейлік 11 маман, Жапония мен Польшада білімдерін шыңдап қайтқан.

Ақтөбеде қайтыс болған оқушының бауырлары да ауруханаға түсті

14 Қараша 2018 17:38 556

Ақтөбеде қайтыс болған оқушының бауырлары да ауруханаға түсті

Ақтөбеде жедел жәрдем жеткенше мектеп оқушысы Інжу Жанкина қаза болған еді. Қазір оның екі бауыры ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына Інжу Жанкинаның екі бауыры түсті. Қазір 2 жастағы Тарғын мен 4 жастағы Нұрбақыт ем қабылдап жатыр. Олардың да аяқ-қолы құрысып, мазасындана бастаған.

«Балаларым бауырының өлімін өз көзімен көрген соң көп жылап жүр. Тіпті, Нұрбақыт «Інжуді алып кел, ол тірі» деп жиі айтады, мені жұмсайды. Ауырып емхана барған кезде бізді ауруханаға жіберді. Қазір балалардың жанында әкесі бар», - деді анасы Динара Баймағамбетова.

Ауруханаға «аяқ-қолы құрысады» деп түскен балалар қазір дәрігерлердің бақылауына алынды. Балалардың жағдайы - орташа ауыр. 

«Балаларға диагностикалық тексеру жүріп жатыр. Аяқ-қолы құрысу белгілері байқалмайды, жағдайлары орташа ауыр. Педиатр да қарап шықты. Бұрыннан қаныаздық белгілері бар. Келесі аптада үйлеріне жіберілуі мүмкін. Негізі құрысу белгілерінің себебі көп. Әзірге нақты себебін айта алмаймыз», - деді аурухананың бас дәрігері Наталья Головырина.

Еске салсақ, 7 жастағы Інжу Жанкина жедел жәрдем жетпей үйінде көз жұмды.  Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы комиссия құрып, жедел жәрдемнің кеш жеткенін мойындады.