Өскеменде ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

558

Орталықта аутизм және жүйке жүйесінде ауытқуы бар​ балалар білім алады.  

Өскеменде ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды Фото: yk-news.kz

120 орындық мекемеде​ 1,5-18 жас аралығындағы балаларға емдік дене шынықтыру, оқыту-әдістемелік және еңбек терапиясы арқылы ем шара жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ең бастысы - мұндағы қызметтің бәрі тегін. Бұл ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін үлкен демеу. Өйткені бүгінде жекеменшік бағыттағы осындай орталықтардың бағасы удай. Науқас бүлдіршіндерді қалыпты өмірге үйрететін педагогтар Алматыда және Ресейде біліктіліктерін шыңдап келген.

"Бұрын мысалы, біз сабақты карусель ретінде​ жүргізетінбіз, яғни балалар үш топқа бөлінеді де кезек-кезек кабинетте жүретін. Қазір біз кәдімгідей сабақ кестесін құрдық, ол жерде балалар толыққанды қырық минут сабақ өтеді, одан кейін бәрі жоспар бойынша​ жүретін болды", - дейді орталық әдіскері Жадыра Садықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу