Өскеменде ЕҚІБ жедел уәкілдері облыс прокуратурасының үйлестіруімен тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілмен таратқан 26 жастағы елорда тұрғынын ұстаған, ол "тауарды" танымал мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы сатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғаны анықталды. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып отырған.
ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу