Конституция күні қарсаңында Өскеменде (30 тамыз) спорт және ретро көліктер көрмесі өтеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Көрме ұйымдастырушысы облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлекубековтің айтуынша, көрмеге кез-келген адам қатыса алады екен.
"Егерде ерекше көлігіңіз болса, сізді көрмеге қатысуға шақырамыз. 27 тамызға дейін 87057642212 уатсап нөміріне хабарласып немесе Тәуелсіздік даңғылы, 68 үйге келіп өтініш бере аласыз", – дейді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу