ШҚО-ның әкімшілік орталығында гемотологиялық орталықтың құрылысы басталады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Қазіргі таңда техникалық-экономикалық жоба әзірленуде. Оны дайындауға аталмыш саладағы үздік мамандар қатысты.
Орталықтың басты мақсаты – халықты қан ауруынан сақтандыру.
Әкімдік хабарлағандай, мекеме халықаралық стандартқа толық сай болады. Нысан алаңында пациенттерге арналған пансионат қарастырылып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу