Өскеменде ХҚКО-лар ертеңнен бастап тұрғындарды қабылдай бастайды

684

Семейде коронавирус қаупі сейілмей тұр.

Өскеменде ХҚКО-лар ертеңнен бастап тұрғындарды қабылдай бастайды Фото: sputniknews.kz

Шығыс Қазақстанның бас санитарлық дәрігері 23 мамырдан бастап Семей қаласындағы фронт-офистерден басқа барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жандандыру туралы шешім шығарды. Бірақ бұл ХҚКО-лар бұрынғыдай толық көлемде жұмыс ісеп кетеді деген сөз емес. Орталыққа тек электронды нұсқасы жоқ, қағаз күйінде ғана берілетін құжат алушылар кіргізілмек. Сондай-ақ, egov.kz порталында алдын ала рәсімдеген өтініштердің нәтижесін ХҚО-ға келіп алуға рұқсат. Ол үшін тұрғындар әуелі кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдына ала иемдену қажет. 

"Кезекті алдын ала брондау шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Сондай-ақ, орталықтарға маскасыз келушілер де жіберілмейді", – дейді "Азаматтарға арналған үкіметтің" ШҚО бойынша филиал директоры Азамат Есемболов. 

Оның айтуынша, облыс аумағында  мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы  онлайн форматта алуға болады. Жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ-ны онлайн режимде беру де жолға қойылған. 

"Өскеменнің өзінде ғана компьютері жоқ азаматтар үшін қалалық кітапханалардың ішінен egov.kz белгісі бар 10 өзіне-өзі қызмет көрсететін бұрыш аштық. Басқа ұйымдар толық штатты жұмысқа көшкен кезде аталмыш бұрыштардың саны көбейеді. Ал зейнеткерлер, көп балалы отбасылар мен мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚКО-дан тікелей ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Бірақ олар да ХҚКО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек", – дейді Азамат Еесемболов.

Айта кету керек, аталған өзгерістер Өскемен қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарына ғана қатысты. Аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде орналасқан орталықтар үйреншікті тәртіппен,еш  өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу